"Келесі жылы елімізде 20 мектеп салынады" - Аймағамбетов

424
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында мектептердегі тапшылық мәселесі қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

«Ұлттық жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 800 мыңнан астам оқушы орны беріледі. Ол апаттық және үш ауысымды мектептердің жағдайын шешеді. Жаңа мектептер үшін құрылыс пен жабдықтаудың бірыңғай стандарты мен қазіргі заманғы технология қолданылады. Келесі жылы Алматы әкімдігімен бірлесіп жаңа 20 мектептің салуды жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше, 2024 жылы Алматыда 80 мың орын тапшылығы толығымен шешіледі. Астанада да осындай жоспарымыз бар», - деді Аймағамбетов.