Қызылордада «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтті

2 656

Фото: khabar.kzҚызылордада «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көшбасшылық қасиетін ұштайтын байқауда ең жоғары нәтиже көрсеткен 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды. Оқу-ағарту министрлігі мен «Хабар» Агенттігі бірлесе ұйымдастырған білім бәйгесінің ақтық сынында Қызылорда өңірінің намысын кімдер қорғайды? «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының облыстық кезеңіне 72 оқушы қатысты. Олар бұған дейін аудандық және қалалық кезеңде бақ сынаған 500 жастың арасынан ең жоғары балл жинаған. Байқауға қатысушылар 75 минуттаф тест түріндегі 60 сұраққа жауап беріп үлгеруі тиіс. 

Баян Ниязова, "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының директоры: - Ең жоғары ұпай жинаған 5 оқушыны іріктеп алады. Тест тапсырмаларының барлығы 11-сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес жасалған. Оқушыларға бұл бір жағынан беріліп тұрған мүмкіндік деп ойлаймын. Дәл осы уақытта мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға дайындық жұмыстарынының үстінде. 

Республикалық кезеңге жолдама алған бес оқушының бірі - Қызылорда қаласындағы нөмірі 4-мамандандырылған мектеп лицей интернатының 11-сынып оқушысы Фатима Әбдімәлікова. Болашақ дәрігер болуды армандайтын ол бүгінгі сынға тыңғылықты дайындық жасап келдім, дейді.