1000 ауыл мектебі жаңғыртылады

2 131

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігіЕліміздің шағын қалалары мен ауылдарындағы тағы 1000 мектеп жаңа оқу жылында жаңғыртудан өтеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде мектептерді жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жыл сайын кемінде 1000 білім беру мекемесі жеті негізгі бағыт бойынша жаңғыртылады.

Жаңғыртудың мақсаты — балалардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту.

Жаңғырту аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды, қауіпсіздік жағдайларын жақсарту қарастырылған.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.