Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша ойлап тапты
Петропавл қаласындағы №1 IT-лицейдің педагог-шебері Сергей Никулин «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша БЖБ, ТЖБ мен емтихандарға дайындалу үшін «Қазақстан тарихы бойынша тесттер» атты мобильді қосымша ойлап тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қосымшада тарих туралы білімді ойын түрінде бекітуге көмектесетін интерактивті тапсырмалар мен тесттер бар. Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қосымшасында 130 тақырыпқа қатысты 4 726 сұрақ енгізілген.
«Менің оқушыларымның бірі тарих пәнінен қызығушылығы төмен болды. Есесіне информатиканы жақсы көретін. Бірде оған осы екі бағытты біріктіріп, смартфонға арналған қосымша ойлап табайық. Ол күрделі тақырыптарды оңай есте сақтап, өз біліміңді тексеру үшін көмекші құрал болуы керек деген едім. Жоба жүзеге асты, қазір бұл идея мыңдаған оқушы мен мұғалімнің көңілінен шығып жатыр», - дейді Сергей Никулин.
Сергей Никулин «Қазақстан тарихы бойынша 4000 жауап», «Қазақстан тарихының қысқаша курсы», «Қазақстан тарихының мектеп курсы», «Қазақстан тарихы бойынша мектеп курсы» сияқты ҰБТ-ға дайындық бойынша әдістемелік құралдардың авторы. Ол өңірге «Закрома историка» интернет-ресурсы және «Тарихшы Никулин» атты жеке сайтымен танымал. Педагог Өрлеу біліктілікті арттыру орталығында өзінің сабақ беру тәжірибесімен бөлісіп, облыс педагогтері үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.