ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне қайта тағайындалды.
Тиісті жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова 1983 жылғы 25 тамызда дүниеге келген. Еңбек жолын білім беру және жастармен жұмыс саласында бастаған.
Кейін білім беру ұйымдарында, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.
2017–2021 жылдары Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры болды.
2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап Оқу-ағарту министрлігін басқарып келеді. Енді Жұлдыз Сүлейменова министр ретінде өз жұмысын жалғастырады.
Қаз
Рус






