Мемлекеттік университеттерде оқу ақысы қымбаттай ма – министр жауап берді

375
Жаңа оқу жылында мемлекеттік және ұлттық универсиеттерде оқу ақысы қымбаттамайды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ақылы оқудың бағасы – көп адамдардың көккейінде жүрген мәселе. Бірнеше жоғары оқу орны, әсіресе, батыс өңірлерде бағаны көтерді. Біріншіден, бұлар – жекеменшік жоғары оқу орындары. Екіншіден, бұған дейін бірнеше жыл оқу бағасын көтеруге мораторий болған. Сол мораторий мерзімінің аяқталуын күтіп-күтіп, қазір біраз көтере бастады. Бірақ біз биыл мәселені түсініп отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдай қиын бір кезеңге тап келіп тұр. Геосаяси мәселелер бар, бағалар көтеріліп келе жатыр. Сондықтан мемлекеттік, ұлттық жоғары оқу орындарында шәкіртақы төлемақылары көтерілмейді", - деді министр.

Саясат Нұрбектің сөзінше, мемлекеттік жоғары оқуорындарындағы білім алу ақысы ұдайы бақылауда болмақ.

"Оны біздің министрлік бақылауда ұстайтынын нақты айта алам. Бірнеше жекеменшік университетте баға көтерілді. Бірақ мемлекеттік универсиеттерде бағаны биыл көтермейміз. Яғни, былтырғы оқу жылындағы деңгеймен қалады", - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.