Қазақстан білім сапасын бағалау бойынша аккредиттеуден өтті

2 683

Фото: istockphoto.comҚазақстан білім сапасын бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтіп, RCEC халықаралық сапа белгісін алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осылайша еліміз аталмыш сапа стандарттарына сәйкестігін растаған Орта Азиядағы алғашқы мемлекет болып танылды. Бұл құжат елдегі білім сапасын бағалау жүйесінің әлемдік талаптарға сәйкестігін қуаттап, оның PISA (Пиза), TIMSS және PIRLS(Пирлс) сияқты белгілі зерттеулермен үйлесімділігін дәлелдейді. 

Динара Абылқанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы: - Қазақстанда мектеп оқушыларының білім сапасын бағалайтын ұлттық зерттеу жүйесі бар.  Ол  халықаралық аккредитациядан өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Тиісті шешім Қазақстанның Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын бағалау бойынша бірлескен бастамаларға көшбасшылық етуіне мүмкіндік береді.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.