Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық шахмат турнирі өтеді

1 533

Фото: TimeStopper69 / Shutterstock / Fotodom"Зияткер ұстаз" турниріне тіркелу басталды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жүлде қоры – 2 миллион теңге. Аймақтық іріктеу кезеңі 8 қарашада онлайн, финалдық кезең 12 желтоқсанда Астанада офлайн форматта өтеді.

Турнирге "Шахмат негіздері" пәнінен сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері қатыса алады. Өтінімдер 6 қараша сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

Қазіргі таңда бұл пән еліміздегі 1500-ден астам мектепте енгізіліп, 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр. Бағдарлама арқылы стратегиялық ойлау қабілеті жоғары интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеу көзделген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.