Қазақстанда Назарбаев атындағы мемлекеттік стипендиясының атауы өзгертілді

401

Үкімет тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның атауын өзгертті, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған. 
Жарлыққа сәйкес, жаңа атау "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп аталады.

Стипендия құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.