Жаңа Конституция бойынша референдум: бюллетеннің үлгісі жарияланды

2 559

Фото: Бюллетеньдер. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир ТретьяковОрталық сайлау комиссиясы 15- ші наурызда жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берушілер толтыруы тиіс бюллетень қандай болатынын көрсетті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетелік, бұған дейін хабарлағанымыздай, бюллетень қағазында "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12- ші ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сұрақ болады.

Дауыс берушілер өздері таңдаған жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды. Сұрақ та, жауап нұсқалары да қазақ және орыс тілдерінде жазылған.

12- ші ақпанда республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Оның мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.