Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

425
Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.

«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта. Сондай-ақ, бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады. «Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары» , - деп айқындалған қаулыда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.