Алматыда 459 білім беру ұйымында кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Алматы қаласында мектеп пен балабақшаларға кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында мамандандырылған күзет пен бейнебақылау жүйесі бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы іске асырылып жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүз пайыз жұмыс жүргізілді.
Кешенді қауіпсіздік жүйесі тәулік бойы күзетті қамтамасыз етеді әрі ғимараттың ішінде орналасқан. Қауіпсіздік жүйесі полиция департаментіне дабыл арқылы стационарлық жедел әрекет ететін дабыл түймесімен толықтырылды. Қандай да бір оқиға немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел топ келеді.
Қазір Алматы қаласында барлық 459 ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында мамандандырылған күзет және бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді.
2023 жылдың желтоқсан айының басынан бастап бейнебақылау камералары, жедел басқару орталығына қосылған мектептердің дабыл түймелерін жаңарту жұмыстары басталды. Қазір 205 мектеп пен 10 интернат қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде 215 ұйымда 11 831 бейнебақылау камерасы, 215 дабыл түймесі, бетті тану мүмкіндігі бар 416 турникет орнатылды.
Қауіпсіздік жүйелерімен қаланың колледждері де жабдықталған. Мәселен, 20 колледжде 1503 бейнебақылау жүйесі орнатылды. Оның 126 камерасы ЖБО-ға қосылған. Сондай-ақ, дабыл түймелері мен турникеттер орнатылған және барлық 20 колледжге мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.