Қызылордадағы 165 мектеп асханасында санитариялық талаптар сақталмаған
Қызылорда облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, оның ішінде 279 мектеп асханасына мониторинг жүргізілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оның 165-інде талаптың бұзылғанын анықтаған.
Талаптың орындалуы бойынша 20 мектептің асханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 3 нұсқаманың орындалмауына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен жауапты тұлғаларға хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданған.
Бүгінгі күні 18 асхананы жалға алушылар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған. Қалғаны да осылай қам-қарекет жасап жатыр.
Қаз
Рус






