Қызылордадағы 165 мектеп асханасында санитариялық талаптар сақталмаған

2 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, оның ішінде 279 мектеп асханасына мониторинг жүргізілді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оның 165-інде талаптың бұзылғанын анықтаған. 

Атап айтқанда, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, желдету жүйесінің істен шығуы, жабдықтар үстінде жылу мен ылғал бөлетін сору желдеткішінің орнатылмауы, жөндеу жұмысының аяқталмауы, асүй жабдықтары мен ыдыстарының жеткіліксіз болуы, технологиялық-тоңазытқыш жабдықтарының ішінара істен шығуы сияқты кемшіліктер кездесті. Асхананы жалға алушы жеке кәсіпкерлерге заңбұзушылықты жою туралы нұсқамалар берілді. 27-сінің қызметіне тыйым салу түріндегі жедел ден қою іс-шаралары қолданылды, - деді департамент басшысы Гүлмира Сыздықова. 

Талаптың орындалуы бойынша 20 мектептің асханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 3 нұсқаманың орындалмауына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен жауапты тұлғаларға хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданған.

Бүгінгі күні 18 асхананы жалға алушылар санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған. Қалғаны да осылай қам-қарекет жасап жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.