Білім сапасы мен «Адал азамат» бағдарламасының іске асуы қаралды

2 521

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© gov.kzОқу-ағарту министрлігі ІІІ тоқсан қорытындысына сай мектептердегі тәрбие жұмысы мен «Адал азамат» бағдарламасының  орындалуын талқылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру шаралары ІІІ тоқсан қорытындысында талқыланды. «Адал азамат» бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірінде «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» бағыттарында ауқымды іс-шаралар өткізілді. Оқушылар рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға арналған интеллектуалдық ойындарға, мамандықтар марафонына, дебаттар мен стартап байқауларына белсенді қатысты. «Шын жүректен кітап сыйла» және «Ананың аялы алақаны» челлендждері мектептегі тәрбие жұмысын байытып, ата-аналардың оқу процесіне қатысуын арттыруға мүмкіндік берді.

Тәрбие жұмысының сапасын арттыру үшін білім беру ұйымдарына «Адал азамат» бағдарламасының бірыңғай брендбугы енгізілуде. Мектептердің ішкі кеңістіктерін брендбук талаптарына сай безендіру жұмыстары Астана, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында толық жүзеге асырылды, алдағы уақытта бұл процесс еліміздің барлық өңірінде жалғасады. ІІІ тоқсан білім сапасының көрсеткіштері жағынан да оң нәтижелер көрсетті. Талдау барысында оқушылардың білім деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артқаны байқалды. Өңірлік көрсеткіштер бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодар облыстары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жиын қорытындысы бойынша, министр жауапты құрылым басшыларына нақты тапсырмалар беріп, білім сапасы мен тәрбие жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруды тапсырды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.