Биыл оқушылардың 9 % мектеп мұғалімі мамандығын таңдады - министр

742

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова: Биыл мектеп түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады деді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл мектепті 155 мыңнан астам түлек бітіреді, 9-сыныпта 267 мыңнан астам оқушы оқиды. 9-сыныпқа арналған қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Олар төрт пән бойынша сынақтан өтеді.
 11-сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. 11-сынып түлектері бес емтихан тапсыруы керек. Биыл Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша өтеді. Әр билетте үш сұрақ беріледі. Ең жоғары ұпай – 30.

 Спикердің айтуынша, соңғы қоңырау биыл 25 мамырда, аттестатты салтанатты тапсыру – 16-17 маусымда өтеді. Рәсім мектеп қабырғасында өтеді.

 Гүлмира Кәрімова мектеп бітіру салтанатына аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға жол берілмейтінін айтты. Сондай-ақ мерекелік үстел ұйымдастыруға, жалға берілетін автомобильмен экскурсия жасауға тыйым салынғанын атап өтті. Әкімшілік пен мұғалімдерге сыйлық үшін ақша жинауға, мейрамхана мен дәмханаларда кеш ұйымдастыруға да тыйым салынады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.