«Қазақстан халқына» қорының білім грантын жеңіп алған талапкерлердің тізімі жарияланды

1 130

818 талапкер «Қазақстан халқына» қорының грант иегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Білім гранттары иегерлерінің тізімін қордың сайтынан көруге болады.


Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:


- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;

- жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;

- мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;

- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.