Ауыл мұғалімі ағылшын тілін өз бетінше үйреніп, АҚШ-та магистратураға түскен

640

 АФото: скриншот из видео 24.kzлматылық математика пәнінің мұғалімі өз бетінше ағылшын тілін үйреніп, АҚШ тың Флорида университетіне магистратураға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап

Гүлзияның сөзінше, оқушыларға тек есептің шешімін табуды ғана емес, оңай әрі жылдам шешетін тәсілдерін де үйрету маңызды. Ал мұндай әдістерді оқытуға білім берудегі жаңа әдістеме қажет. 

"Көп адамдар математиканы қиын пән деп ойлайды. Мұндай таптаурын қоғамда қалыптасқан. Шын мәнісінде ғылым барлығы үшін қол жетімді. Бар болғаны бөлшектерді ретімен қойып, кезекпен біріктіру керек, әрі бұл тізбектің себебін де түсіндіру маңызды. Осылайша балаларда талқылау қасиеті жетіліп, логикасы дамиды",деді Гүлзия Құрманқан.

 
Мұғалімнің айтуынша, ауылда дарынды балалар – болашақ математиктер көп. Алайда оларға ағылшын тілін білмегендіктен халықаралық жарыстарға қатысу қиынға соғады. Гүлзира өз бетінше ағылшын тілін меңгеріп, шетелде магистратураға түскен. Осылайша туған ауылына оралып, балаларға көмектеспекші.

"Ағылшын тілі сабақтарын ғаламтордан алдым. Тілді мүлде білмейтінмін. Сондықтан күніне 5-6 сағат дайындалдым. Тілді жеткілікті деңгейде меңгерген соң, IELTS тапсырып көрдім. 9 ұпайдың 7-ін жинадым. Сосын тез арада Америкада жоғарғы оқу орнын таңдадым", – деп қосты Гүлзия Құрманқан.

Мұғалімнің таңдауы Оңтүстік Флорида университетіне түскен. Осылайша ол білікті профессорлардың оқыту әдістемесін үйренгісі келеді.