Мектеп оқушыларының күзгі демалысы 27 қазанда басталады

2 298

Фото: gov.kzҚазақстандық мектеп оқушылары үшін күзгі демалыс биыл 2025 жылдың 27 қазанында басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бір аптаға созылатын күзгі каникул кезінде оқушылар тек демалып қана қоймай, тәрбиелік және дамытушы іс-шараларға да қатыса алады. Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында арнайы жоспар ұсынды.

Жоспар аясындағы негізгі іс-шаралар:

«Демалыста кітап оқимыз» – «Балалар кітапханасы» жобасы шеңберінде өтеді;

«Буллингтен қорған!» – қауіпсіздікке арналған ақпараттық сабақ;

«Мектеп театры» – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Министрлік балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауға шақырып отыр. Осыған байланысты ата-аналар мен мектептерге жол-көлік қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына белсенді қатысу ұсынылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.