Робототехникадан іріктеу чемпионаттарына екі мыңнан астам оқушы қатыспақ
396
Елімізде робототехникадан іріктеу ойындарына екі мыңнан астам оқушы қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғауға мүмкіндік аламақ, Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Дүниежүзілік FIRST Robotics қозғалысы аясында іріктеу ойындары 21-29 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтеді. Жарыс Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Robotics қоғамдық қорының қолдауымен өтеді.
Соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті.
Жарыс кестесін мына жерден көруге болады.

Биылғы жарыс энергия тақырыбы аясында өтіп жатыр. Роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек, балалар инновациялық жобалармен айналысады. Өңірлік кезеңге өту үшін әрбір команда әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар түрлі энергетикалық станцияларға барып, репортаж жасап, сарапшылардан сұхбат алды. Онымен қоса, оқу орындарында шеберлік сабақ өткізді, сондай-ақ, өздерінің жергілікті қоғамдастығы ішінде маңызды мәселелерді көтерді. Балалардың еңбектерін #FIRSTKZ2023 хэштегі арқылы инстаграм желісінен тамашалауға болады. Ақпанның 24-26 аралығында Астанада өтетін Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары ел намысын қорғауға Хьюстонға, АҚШ-қа барады. Айта кетейік, жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Бұған себеп Оқу-ағарту министрлігінің қолдауы. Осы бағыттағы үйлесімді еңбектің нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында біздің оқушылар Женевада өткен FIRST Global Challenge Дүниежүзілік жарысында жеңіске жетті. Кейін Шымкент қаласының оқушылары Дортмунд қаласында өткен робототехника бойынша Халықаралық Олимпиадада алғаш рет екінші орын иеленді, - деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.
Соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті.
Жарыс кестесін мына жерден көруге болады.