Екі өңірде жайлы мектептер ашылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысы Арқалықта және Жамбыл облысы Таразда тағы екі жайлы мектеп ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Арқалықтағы мектеп 300 орынға арналған. Онда балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 26 оқу кабинеті бар.
Таразда да 1200 орындық жайлы мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл – Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.