Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақтарда оқушылар қашықтан оқиды
Су тасқыны болған аймақтарда оқу онлайн форматқа көшеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында 88 білім беру ұйымы 4-тоқсанда қашықтан оқиды.
Қашықтан оқу су тасқыны қаупі аймағында орналасқан 56 білім беру ұйымында, сондай-ақ эвакуацияланғандарды қабылдау пункттері белгіленген 32 мектепте ұйымдастырылған.
Төтенше жағдай кезінде тәуекелдерді барынша азайту және оқу үдерісін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледждердегі сабақтар қашықтан оқу форматына көшірілді.