Екі өңірде жайлы мектептер ашылды

2 706

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысы Арқалықта және Жамбыл облысы Таразда тағы екі жайлы мектеп ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Арқалықтағы мектеп 300 орынға арналған. Онда балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 26 оқу кабинеті бар.

Мектепте оқушылардың IT-құзыретін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да қарастырылған. Жуырда осы өңірдің Заречный ауылында да жаңа жайлы мектеп қолданысқа берілген болатын, – делінген министрлік хабарламасында.

Таразда да 1200 орындық жайлы мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл – Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.