«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан

2 680

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Оқу-ағарту министрлігіМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты.

1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған.

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, бұл - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде салынған бесінші мектеп. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.