750 мыңнан астам оқушы республикалық флешмоб аясында буллингке қарсы бірікті

2 219

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

gov.kzЕліміздің барлық өңірлерінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» тақырыбында республикалық флешмоб өтті. Оған 750 мыңнан астам оқушы қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Білім алушылар бірыңғай әуенге би билеп, кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг мәселесіне назар аудартты.

Әрбір мектеп флешмобты өз аумағында ұйымдастырды, би қимылдарын оқушылар өздері шығарды. Акцияға тек оқушылар ғана емес, олардың сынып жетекшілері де қатысты. Осылайша, балалар буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, осы маңызды мәселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосты.

«Буллинг» – әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгін мектеп оқушылары флэшмобқа белсенді қатысты, сол арқылы біз қоғамның назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудардық деп ойлаймын. Оқушылар акцияға қатысып қана қоймай, қоғамның хабардарлығын арттыруға нақты үлес қосты», — дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

 Флешмоб оқу жылының басынан бері бүкіл ел бойынша #біздің мектепбуллингкеқарсы және #нашашколапротивбуллинга хэштегтерімен өткен челленджді қорытындылады.

 

 

 

 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.