«Досболlike» бағдарламасының тестілеуіне 70 мыңға жуық мектеп оқушысы қатысуда
Биылғы жылдың наурыз айынан бастап еліміздің 50 мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігімен әзірленген «Досболlike» антибуллингтік бағдарламасын апробациялау басталды. Бүгінде оған еліміздің 9 өңірінен 70 мыңнан астам оқушы мен 5300 педагог қатысуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, апробация аясында республика бойынша педагогтерді оқыту және әдістемелік қолдау, мектеп әкімшілігі үшін түрлі семинарлар, тренингтер өткізіледі.







