Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасы жасалмақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын жасау үшін араб жазуы мен графикасын меңгерген қандас ғалымдар тартылатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы бойынша ХІІ-ХVІІІ ғасырлардағы 160 мыңнан астам қолжазба ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының, Ұлттық кітапхананың, Орталық ғылыми кітапхананың, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қорында шоғырланған. Мәселен, ұлттық орталық қорында 6 мыңнан астам материал сақтаулы. Институт пен орталық ғылыми кітапханада 3600-ден астам қолжазба сақталған», - деп жазылған вице-премьердің жауабында.
Тамара Дүйсенованың айтуынша, бүгінгі таңда түркі халықтарының жалпы жазуын зерделеу, насихаттау және түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құруды көздейтін жол картасының жобасы әзірленген.
«Онда кириллицаны пайдалана отырып, қолжазба мұраларының тізілімін жасау, құнды даналарды қолжазбалар мен сирек кітаптарды көне түркі, шағатай, араб (қадым, жәдит, төте) тілдерінен мемлекеттік тілге цифрландыру және аудару, ежелгі мәтіндерді жинау, цифрландыру және оларды насихаттау, сараптамалық кеңес құру және ғылыми зерттеулерді жандандыру шараларына қаржы бөлу мәселелері көзделген. Жол картасын қаржыландыру мәселесі қазір мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілген» - дейді Тамара Дүйсенова.
Аталған Жол картасы аясында ұлттық электронды кітапхананың қолда бар платформасы негізінде түркі мемлекеттерінің цифрлық кітапханасын құру, сондай-ақ араб жазуын мен графикасын меңгерген қандас ғалымдарды тарту жөніндегі шаралар пысықталуда.
«Мәтіндерді аудару үшін А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Шығыстану институтының ғалымдары және басқа да түркітанушы мамандар тартылады. Бүгінгі таңда тілдердің түрлері және олардың ортақтығы туралы ғылыми зерттеу жүргізіліп жатыр. Мәтіндерді аудару үшін А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Шығыстану институтының ғалымдары және басқа да түркітанушы мамандар тартылады. Бүгінгі таңда тілдердің түрлері және олардың ортақтығы туралы ғылыми зерттеу басталған», - делінген жауапта.