2026 жылға дейін мамандарды даярлаудың алдын-ала болжау үлгісіне көшеміз – вице-министр

660

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бриингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев 2026 жылға дейін жоғары білімді дамытудың басым бағыттарын атады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қазіргі таңда жоғары білім саласындағы ұлттық саясаттың ең басты міндеті – ол жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және де «білім экономикасына» қажетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Осы міндеттерді орындау үшін бүгінде біз стратегиялық басымдықтарды нақты айқындап, бірқатар бағдарламалық құжаттарды бекіттік. Бұл – университеттердің автономиясы туралы заң, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы, 2022-2026 жылдарды қамтитын ҚР Білімді дамытудың тұжырымдамасы», - деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.

Вице-министрдің мәліметіне сәйкес, 2026 жылға дейінгі жоғары білімді дамытудың басты бағыттарына мыналар кіреді:

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту;

- мамандарды даярлаудың алдын-ала болжау моделіне көшу;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру және мазмұнды жаңарту;

- жоғары білімдегі цифровизациялау;

- университеттердегі басқару жүйесін жетілдіру;

- жоғары білімдегі интернационализациялау;

- жоғары білім жүйесінің сапасын қамтамасыз ету.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.