Қала мектептерінің барлығы қашықтықтан оқытуға көшті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанай қаласында тұмаудың өршуіне байланысты барлық мектеп онлайн оқуға көшті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ Қарабалық, Алтынсарин, Қамысты, Қостанай аудандарындағы 10 білім нысаны толық қашықтан оқытып жатыр. Апта соңына дейін эпидахуал тұрақтанбаса, балаларға мектепке келуге шектеу қою жалғасады.
Өңірде соңғы аптада барлығы 10 мыңнан аса вирустық инфекция дерегі тіркелген. Көрсеткіш шамамен екі есе өсіп отыр. Сырқаттанушылардың 60 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Қаз
Рус






