Маңғыстау мектептерінің төртінші тоқсанға дайындығы қандай

443
Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мамаева Маңғыстаудағы мектептердің IV тоқсанға дайындығы туралы брифинг өткізді

1 сәуірден бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту ұйымдастырылады.

Штаттық режимге барлық білім мекемелері көшеді. 
158 876 оқушы қамтылған 158 мектепте 1-11 сыныптар үшін оқыту аралас форматта өтеді (70% пән – оффлайн, 30 % пән – онлайн форматта).
 Әр мектеп оқыту кезеңдерінің сынып санын және онлайн оқытылатын пәндер тізімін жеке анықтайды. 
Сыныптың толымдылығы - 25 бала, сабақтың ұзақтығы - 40 минут. Оқушылар үшін мектеп формасын сақтау талап етілмейді.

Жекелеген жағдайларда (ауырған немесе ауырғандармен байланыста болғандар) ата-аналардың өтінішімен балаларды қашықтан оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі. 

Мектеп асханаларының жұмысы Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімімен барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.

Мектептерде күнделікті желдету, ағымдағы дезинфекциялық жұмыстар күшейтіліп, дератизация, дезинсекция және дезинфекция жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 

Барлық 158 білім беру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді (тепловизор, санитайзер, кварц лампалары).