ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

230

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіАз ғана уақыттан соң кезекті жаңа оқу жылы басталады. Сондықтан да оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін білім беру ұйымдарының жоғары дайындықта болуы өте маңызды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл маңызды мәселе бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде қаралып, дайындық жұмыстары пысықталды.


Мұхтар Әуесұлы күн тәртібіндегі мәселенің маңызды екенін атап өтіп, бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметі мен аймақ басшысының ұдайы назарында екенін жеткізді.


Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.


Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы қазіргі таңда бірнеше мектеп пен балабақшалардың басшысыз отырғандығын сынға алды.


Жаңа оқу жылында ауданда 3 мектеп директорының орны бос. Бұл мәселе – өте өзекті. Басшысыз мекемеде жұмыстың сапасы мен қызметкерлердің жауапкершілігінің төмендейді. Сондықтан бос тұрған орындарға тезірек басшыларды тағайындау қажет, – деді аудан басшысы.


Сондай-ақ, білім ошақтарының қысқы жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды. 

Басқосу мұнан соң аппарат мәжілісіне ұласып, мұнда да маңызды мәселелер талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев баяндама жасап, ауданда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Екінші мәселе – 2022-2023 жылдар аралығындағы жылу беру маусымы кезеңіне әлеуметтік-мәдени нысандардың дайындығы жайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов хабарлама жасады.

Үшінші мәселе 2022 жылдың 8 айындағы және жылдық қаржы игеру болжамы туралы аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, төртінші мәселе аудандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі жайлы Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева баяндады. 

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.