19 баланың өліміне әкеп соқтырған "Док-1 Макс" шәрбатын шығару тоқтатылды
527
Еліміздегі интернет дүкендерінде сатылымда жүрген "Док-1 Макс" шәрбатын шығару тоқтатылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Үндістанның ұлттық қадағалау мекемесі 29 желтоқсанда Marion Biotech фармацевтикалық мекемесіне тексеру басталғанын мәлімдеді. Бұл компания жөтелге қарсы "Док-1 Макс" шәрбатын шығарып келген. Осы препараттан Өзбекстанда кемінде 19 бала қайтыс болды.
Marion Biotech ресми өкілі қазір компанияның "Док-1 Макс" шәрбатын шығаруды тоқтатқанын мәлімдеді.
22 желтоқсаннан бастап бұл препаратты Өзбекстанда сату тоқтатылды. Барлық дәріханалардан "Док-1 Макс" шәрбаты мен дәрісі алынып тасталды. Зерттеу нәтижесінде, оның құрамынан этиленгликоль улы заты анықталған.
Осы препаратты ішкен 21 бала ауруханаға түсіп, 19 бала қайтыс болған.
23 желтоқсаннан бастап Қырғызстанда да бұл дәріні сату тоқтатылды.