54 мың белгісіз дәрі-дәрмекті Үндістаннан Қазақстанға өткізбек болған

1 433

"Жетісу" кеден бекетінде Үндістаннан контрабандалық дәрі-дәрмекті Қазақстанға заңсыз өткізбек болғандар ұсталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер биологиялық белсенді тағам қоспасы деген желеумен “Зардекс” таблеткаларын (қатты құрысу мен талмаға қарсы) импорттамақ болған. Осылайша салмағы 356 кг болатын 54 449 қаптама анықталды. 


Кедендік сараптама бұл өнімнің емдік мақсатта қолдануға арналған дәрілік зат екенін анықтады. Тауарлардың кедендік құны 43,4 млн теңгені құраса, бюджетке келтірілген шығын көлемі 5,2 млн теңге болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.