Ауылдық елді мекендер 2025 жылға қарай 655 медициналық нысанмен қамтылмақ

1 292

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2025 жылға дейін ауылдық жерлерде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынатыны жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көшпелі медициналық кешендер, медициналық пойыздар және қашықтан медициналық қызмет көрсету құралдары пайдаланылатыны айқындалған. Ел тұрғындарының 40 пайызы ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, Үкімет ауыл тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын қабылдады. Осы жоба аясында 2023-2025 жылдары 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынады. Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін көпбейінді 32 аудандық аурухана жаңғыртылады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.


Оның атап өтуінше, халықтың жоғары білікті медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейту үшін Денсаулық сақтау министрлігі телемедицинаны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Онда еліміздің барлық аумағында телемедициналық шешімдер жобаларын іске қосу көзделген.


«Сондай-ақ жаңа тарифтерді қайта қарау және қалыптастыру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және аудандық, ауданаралық деңгейде стационарлық жағдайларда мамандандырылған көмекті қаржыландыру бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі іс-шаралар көзделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн», - деді Әлихан Смайылов.