АИТВ індеті шыққан аурухана әлі күнге дейін жұмысын жалғастыруда

1 567

Алматы әкімі АИТВ індетін жұқтырған науқастар анықталғаннан кейін орталық клиникалық аурухана басшылығына қандай шара қолданылғанын және медицина қызметкерлері неліктен әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатыр деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ерболат Досаев бүгінде тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, бекітілген ережеге сәйкес, қалалық ЖИТС орталығымен бірлесе жұмыс жүргізіліп, реанимация бөліміне түскен реципиенттер, медицина қызметкерлері және басқа да науқастар тексерілді.


«Осыдан кейін 13 маусым күні олар ережеге сәйкес Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 14 маусым таңертең қажетті кезектен тыс тексерулер белгіленді, жұмыс бүгінде жалғасуда. Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Біреуді жұмыстан босату үшін алдымен оның қайдан келгенін анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған бойда бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайтын болады. Барлығын бақылауда ұстаймыз», - деді әкім.


Кеше Денсаулық сақтау министрлігі Алматы ауруханасынан АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатқанын мәлімдеген еді.


Еске сала кетейік, Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.