Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 74 адам қайтыс болды

271
Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында өткен тәулікте 74 адамның коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғанын хабарлады. 

23 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 6119 адам тіркелген. Одан бөлек, тағы 2427 адам ауруынан айыққан. Сондай-ақ, өткен тәулікте 64 адам коронавирустың құрбаны болған. 


Қазір 71 221 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 


1 258 адамның жағдайы ауыр, 274 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 166 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


 Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, өткен тәулікте 233 адамға пневмония диагнозы қойылып, 10 науқас көз жұмды. Тағы 105 пациент емделіп шыққан. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.