ЖЕНЕВАДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

2 526

Фото: GovkzДүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының алаңында министр Ақмарал Әлназарова бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесуспен министр елдер коалициясының МСАК бойынша жұмысының келешегін, климаттың Арал теңізі өңірі халқының денсаулығына әсерін, биологиялық қауіптерді төмендетуді және денсаулық сақтаудың басқа да өзекті мәселелерін талқылады. Кездесудің қорытындысы бойынша ДДҰ басшысы Алматы қаласындағы МСАК бойынша ДДҰ географиялық қашықтағы офисінің базасында МСАК коалициясын ілгерілету жөніндегі күш-жігерді біріктіру және Хатшылықты ұйымдастыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдады.


ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х. Клюгемен әңгімелесу барысында Қазақстанның ДДҰ-мен ынтымақтастығының аспектілері, оның ішінде ДДҰ атқару комитетінің жұмысына елдің қатысуы, ДДҰ-ның Алматы қаласындағы МСАК бойынша географиялық-қашықтағы офисінің жұмыс перспективалары, қазақстандық денсаулық сақтау ұйымдарының ДДҰ-мен ынтымақтастығы және МСАК бойынша елдер коалициясының нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Түркия Денсаулық сақтау министрлері Фахреттин Коджа, Катар - Ханан Мұхаммед Аль Кувари,  Испания - Моника Гарсия, Әзірбайжан - Теймур Юсуф оглу Мұсаев, Армения - Анаит Аванесян, Өзбекстан - Асилбек Худаяров, Қырғызстан - Алымқадыр Бейшеналиевпен кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, шетелдік инвестицияларды тарту, тәжірибе алмасу және кадр ресурстарының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.


General Electric Healthcare және Phillips компанияларының өкілдерімен министр Қазақстанда медициналық жабдықтар өндірісін оқшаулау, сондай-ақ инвестициялар тарту және медицина кадрларының әлеуетін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.