QazVac неге әлі күнге дейін ДДҰ мақұлдауынан өтпей жатыр
2 514
Оның сөзінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан тарапының өтінішін қарастырған.
«Сертификат беру үшін өндіруші зауыт қосымша өндіріс желісін салумен байланысты шарттарды орындау қажет. Қазір сол жұмыстар жүріп жатыр. Сондықтан күн тәртібінен әлі түскен жоқ. Мен бұл істі аяғына дейін жеткізуіміз керек деп ойлаймын», - деді ол БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.
Министр қазір екпенің бұл түрі пандемия кезіндегі көлеммен өндіріліп жатпағанын атап өтті.
«Бірақ қажет болса, эпидемиологиялық жағдайға байланысты өндірісті қайта жандандыруға мүмкіндік бар», - деді Ақмарал Әлназарова.