Екпеден кейін дене қызуы иммунитетке қалай әсер етеді?Ол жайлы дәрігерлер не дейді?

308
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін дене қызуының көтеріліуі немесе болмауы иммундық жауаптың тиімділігін көрсетеді деген пікір кең таралған. Иммунолог бұл шынымен солай ма, әлде жоқ па түсіндіріп берді.
 

Коронавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін дене қызуының көтеріліуі ықтимал көріністердің бірі саналады. Кейбір адамдар бұл иммунитет қалыптасып жатқандықтан деп ойлайды.

Медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог және "Клиника Экселанс Груп" бас директоры Николай Крючков бұл ішінара шындыққа жанасатынын айтты.


"Вакцинациядан кейін түрлі белгілер болады. Бұл екпе салған жердің ауырсынуы және тығыздау, сондай-ақ дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздік. Яғни, ЖРВИ-дің классикалық көріністері байқалуы мүмкін. Бұл белгілер иммунитеттің белсенділігі және иммундық жүйенің сыртқы ынталандыруларға жауап беру қабілетімен байланысты. Бұл иммундық жауаптың қалыптасуына тікелей әсер етпейді", - деді Николай Крючков басылымға берген сұхбатында.


Дәрігердің айтуынша, вакцинациядан кейін дене қызуының және басқа көріністердің болмауы иммундық жауаптың болмауынан емес.
 
"Егер адамда вакцинациядан кейін ешқандай белгі байқалмаса, яғни дене қызуы болмаса және т.б. онда оның иммунитеті жоқ және қалыптаспайды деп айтуға болмайды. Екінші жағынан, егер адам вакцинациядан кейін үш күн бойы дене қызуы 39 градус болып, ауырса, онда оның иммундық реакциясы жоғары болады деген сөз емес", - деді Крючков.


Оның айтуынша, иммундық жауап деңгейіне өзара әрекеттесетін көп фактор әсер етеді, олардың көріністері әртүрлі болады. Қалай болғанда да, вакцинациядан кейін иммунитет қалыптасады.


Иммунолог вакцинациядан кейінгі көріністер оны салдырудан бас тартуға себеп болмауы керек деп қосты. Ол коронавирус өте қауіпті екенін еске салды.