Жамбыл облысында былтыр 21 медициналық нысан пайдалануға берілді

2 658

Фото: mazhilis.parlam.kzЖамбыл облысында былтыр 21 медициналық нысан пайдалануға берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шалғай ауылдардың тұрғындары сапалы қызметке қол жеткізді.  Өңірде бұл жұмыстар биыл да жалғасады. 7 бірдей нысан ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр.   Байзақ ауданындағы Қызыл Жұлдыз ауылында 5 мыңға жуық тұрғын бар. Аудан билігі 1991 жылы бос қалған ғимаратты амбулатория ретінде жабдықтап,   қолданысқа берген.  Қазір медициналық нысан ескірді.   Құрал-жабдығы тозып, ғимараттың  сылағы түсе бастаған. 

Мәселені шешу үшін облыстық бюджеттен былтыр 370 млн теңге бөлінді. Сөйтіп, 60 адамға арналған жаңа амбулаторияның  құрылысы сәуір айында басталды. 

Өңірде былтыр жаңа 21 медициналық нысан пайдалануға беріліп, 2 мекемеге күрделі жөндеу жүргізіді. 5 млрд теңгеге 18 диагностикалық техника, 38 санитарлық машина сатып алынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.   Алыс ауылдарда 7 ғимарат салынып, Таразда перинаталды орталық пен жедел жәрдем станциясы және фтизиопульмонологиялық шипажайдың іргетасы қаланады.