ҰҒМО-да жылына 1000 адамға тегін операция жасалады

2 676

Фото: pixabay.comҰлттық ғылыми медициналық орталықта жылына мыңдаған адамға күрделі операция жасалады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жылына 40 мың шамасында адам жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан көз жұмады. Сондықтан дерттің алдын алып, дер кезінде ем қабылдаған маңызды.

Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жылына мыңға жуық операция жасалады. Бұлардың барлығы күрделі операциялар. Ең бастысы, орталық заманауи тәсілдерді барынша қолданып келеді. Теріні кеспей, тамыр арқылы операция жасап, кардиостимулятордың әлдеқайда шағын, сапалы түрін орнатады. Ересектермен қатар салмағы 20 келіге жетпейтін балаларды да осы жерде емдейді. 

Орталық қызметі тегін. Операция жасату үшін кезекке тұрып, квота алу керек. Квота бір айдың ішінде беріледі. Ал Қазақстан резиденті болмаса, операция құны 2 млн 250 мың теңгеден 8 млн 400 мың теңгеге дейін барады.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.