Демалыстағы қатаң шектеу:
278

"Жалпы, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен "қою қызыл" аймақта енгізілген шектеу шараларын қарастырып жатырмыз. Карантин талаптары белгіленді, біз олардың орындалуын бақылап отырмыз", деді ол. Жандарбек Бекшин Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін еске салды. Оның сөзінше, тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді, дейді бас санитар дәрігер. Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин Алматыда тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5 пайыздан қазіргі уақытта 1,22 пайызға дейін төмендегенін сөз етті.
Одан бөлек, соңғы аптадағы "симптомдық" науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93 пайыздан 94 пайызға дейін артыпты. Бұл айналымдағы коронавирус нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді, деді Жандарбек Бекшин.