Демалыстағы қатаң шектеу:

282

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулысын түсіндірді. Онда демалыс күндері мегаполисте локдаунның жалғасатыны көрсетілген. 

"Жалпы, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен "қою қызыл" аймақта енгізілген шектеу шараларын қарастырып жатырмыз. Карантин талаптары белгіленді, біз олардың орындалуын бақылап отырмыз", деді ол. Жандарбек Бекшин Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін еске салды. Оның сөзінше, тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді, дейді бас санитар дәрігер. Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин Алматыда тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5 пайыздан қазіргі уақытта 1,22 пайызға дейін төмендегенін сөз етті.

Одан бөлек, соңғы аптадағы "симптомдық" науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93 пайыздан 94 пайызға дейін артыпты. Бұл айналымдағы коронавирус нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді, деді Жандарбек Бекшин.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.