Әлем коронавирус жұқтыру шыңынан өтті - ДДСҰ

474

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы Мария ван Керкховтың айтуынша, әлем коронавирус инфекциясының ауыр кезеңінен өтті, бірақ COVID-19 таралуына қатысты жағдай әлі де алаңдатарлық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ коронавирустың әлі де үлкен күш-қуаты мен әлеуеті бар екенін атап өтті. Керкховтың сөзінше, вирус жұқтыру саны азайғанымен, апта сайын шамамен 4,5 миллион жаңа жағдай тіркеледі, ал өлім саны аптасына 68 мыңға жетеді.

"Біз бүкіл әлемдегі жағдайларға қатысты вирус жұқтыру шыңынан өттік (ауру шыңынан кейінгі кезең - автор.), бірақ бұл өте жоғары деңгейде тұр. Апта сайын 4,4-4,5 миллион жағдай анықталады және бұл нақты жағдайлардың санынан аз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДДСҰ өкілі "әр аймақта жағдай әртүрлі" екенін айтты. Мысалы, Солтүстік және Оңтүстік Америкада COVID-19 жұқтыру мен өлім саны өскені байқалады, ал Еуропада жаңа жағдайлар азайса да, өлім деңгейі төмендер емес. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.