Медицина ұйымдарында полиция бекеттері жұмыс істей бастады

2 311

Фото:Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасыБұл шара соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл оқиғаларының жиілеуіне байланысты қолға алынып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаментінің ұйымдастыруымен алты медициналық мекемеде полиция бекеті ашылды. Олардың қатарында № 1 клиникалық аурухана, № 2 және № 3 қалалық ауруханалар, перинаталдық орталық, қалалық перзентхана және балалар ауруханасы бар.

— Полиция бекеттерін құру оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленісті жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл — Мемлекет басшысының медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасына сәйкес атқарылып отырған нақты қадам, — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы», «Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» және «Хадиша» емханасында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырып, медициналық мекемелердегі тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментіне бақылауға алу туралы хат жолданғанын мәлімдеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.