Бензин тұтанып, екі жұмысшы ауыр күйікпен ауруханаға түсті

2 504

Фото: Opennews.kz ЖИАқтөбе облысында бензин тұтанып, екі жұмысшы ауыр күйікпен ауруханаға түсті,  -  деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Өрттің нақты себебін арнайы комиссия анықтайды

Алдын ала мәлімет бойынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясына қарасты қорғаныш орман екпелері дистанциясының қызметкерлері қозғалтқыш бөлшектерін бензинмен жуып жатқан. Жанармайды бөшкеден басқа ыдыстарға құю кезінде от тұтанып, екі ер адамды жалын шарпыған. Зардап шеккендер шұғыл түрде Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Әсіресе, 46 жастағы жұмысшы қатты күйген. Денесінің 80 пайызға жуығын күйік шалып, тыныс алу жолдары, беті, екі қолы мен денесі ауыр жарақаттанған. Ал 23 жастағы әріптесінің қол-аяғы мен денесі күйген. Өрттің нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.

"Бүгінгі таңда комиссия құрамы анықталды. Мемлекеттік еңбек институты комиссияға кіреді. 10 күн бойы тергеп-тексеруді жүргізеді. Сұраныстар жасайды, түсініктемелер алады. Сараптама қорытындысы бойынша комиссия анық-қанығын анықтайды", - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Талғат Искарин.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.