Жапон ғалымдары темекі шегетіндерде коронавирус жұқтыру қаупі 1,5-2 есе жоғары екенін анықтады

262
Жапонияның  зерттеушілері коронавирусты жұқтырудың ауыр зардаптары  темекі шегетін ерлер мен әйелдерде  жоғары екенін анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Халықаралық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығының зерттеушілері жасанды тыныс алу аппаратын қажет ететін жаңа коронавирусты жұқтырудың ауыр зардаптарының қаупі темекі шегумен ауыратын ерлерде 1,51 есе және әйелдерде 1,94 есе жоғары екенін анықтады.

Ғалымдар 2021 жылдың ақпанына дейін Жапонияда ауруханаға жатқызылған 20 мен 80 жас аралығындағы 17,6 мыңға жуық індет жұқтырғандардың деректеріне талдау жасады.

Жапондық сарапшылардың пікірінше, темекі шегу жүрек пен өкпеге әсер етеді, сонымен қатар созылмалы ауруларға әкеледі, сондықтан темекі шегушілер инфекцияның ауыр зардаптарына көбірек ұшырайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.