Тоқаев СҚО-ға қоныс аударғандарға салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді.
Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", - деді Берік Уәли.