Заңдағы Назарбаевқа қатысты имунитеттің бәрі қаңтар айында жойылады
291
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов (Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңы қашан күшін жоятынын айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тұңғыш президент туралы заң күшін жойса, ондағы барлық нормалар мен артықшылықтар алынып тасталады.Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылса, онда аталған заңда қарастырылған бүкіл иммунитет жойылады. Күшінде болмайды, - деді Ерлан Қошанов.
Аталған заң жобасы 2023 жылдың басында Парламентте қаралмақ.
Бұл конституциялық заң болғандықтан, бұл құжат Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Сондықтан 2023 жылы қаңтарда бірлескен отырысы өтіп, бұл мәселе қаралады. Аталған заң толық күшін жояды, - деді спикер.
Заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленген.
Атап айтатын болсақ, биылғы жылғы 8 маусымдағы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес тұңғыш президенттің мәртебесі мен өкілеттігі Конституциялық заңмен айқындалатыны туралы тармақ алынып тасталды.
Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді.