Тоқаев Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевты ұсынды

484
Мемлекет басщысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!, - деді ҚР Президенті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.